Хакерлер АҚШ сайлау комиссиясы жүйесіне шабуыл жасады
Конгресс сайлауына бір апта қалғанда хакер АҚШ-тың Федералды сайлау комиссиясының жүйесіне бұзып кіруге әрекет жасады, деп хабарлайды 24KZ.
«Рейтердің» мәліметінше, қаскөй комиссияның ақпарат желісіне рұқсат кіргісі келген. Шабуылдан кейін саяси ұйымдар пайдаланып отырған жүйе істен шықты. Әзірге олар шығындар туралы міндетті хабарламаны бере алмай отыр. Ереже бойынша есептер 24 немесе 48 сағат ішінде жариялануы керек. Сарапшылар: «Хакерлік әрекет сайлау науқанының қаржыландыру жұмысының ашықтығына әсер етуі мүмкін», - дейді. АҚШ-тағы Конгресс сайлауы 3 қарашада өтуге тиіс.