Босния және Герцеговинада әскери тікұшақ құлап, 4 адам опат болды
Тағы 11 адам жарақат алды. Бұл туралы Италияның Қорғаныс министрлігі хабарлады. Италияндық тікұшақ Еуроодақтың бітімгерлік миссиясы аясында тапсырма орындап жүрген.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, көз жұмғандардың екеуі – әскери қызметші, ал қалған екеуі – Италия Қызыл Крестінің ерікті әскери корпусының мүшелері. Зардап шеккендер медициналық көмек алып жатыр. Апаттың себебі анықталуда.
Тікұшақ Дейтон бейбіт келісімінің орындалуын бақылауға бағытталған Еуропалық күштердің «Алтея» операциясы аясында пайдаланылған.