Литва ер азаматтарын жаппай әскерге шақырады
Литва 2032 жылдан бастап ер азаматтарды жаппай әскерге шақырады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір елде ішінара шақыру жүйесі қолданылады. Жалпыға бірдей шақыру тәртібіне көшкен соң жыл сайын шамамен 7,5 мың азаматты әскерге шақыру көзделген. Денсаулығы жарамсыз жастардың үлесі ескеріледі. Ал әйелдер үшін азаматтық борышын өтеу ерікті түрде жалғасады. Жаңа жүйеге көшуге дайындық шығыны шамамен 120 млн еуроға бағаланып отыр. 2032 жылға дейін қажетті инфрақұрылымды әзірлеп, қосымша нұсқаушылар даярлау жоспарланған.