No comment: Африкадағы Олимпиада

Сенегалда IV Жазғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. 

Бұл спорттық сайыс Африка құрлығында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Салтанатты рәсім дәстүрлі би мен музыканы ұштастырған әсерлі қойылымға ұласты. Дакар қаласындағы Абдулай Вад атындағы стадионда мыңнан астам өнерпаз өнер көрсетті. Жарыс 13 қарашаға дейін жалғасады. Оған әлемнің әр елінен шамамен 2 мың 700 жас қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз: