Сауд Арабиясы хуситтерге шабуыл жасады

Бұл туралы йемендік қарулы қозғалысқа сілтеме жасап, Associated Press агенттігі хабарлады. Саудиялық күштер Қызыл теңіз жағасындағы әл-Ходейда провинциясында орналасқан Рас-Иса портына әуе соққысын жасап, кемелер мен жүк көліктері отқа оранды. 

Хуситтер де қарап қалмай, Сауд Арабиясының аумағындағы бірнеше нысанды дронмен атқылаған. Даммам қаласының әуежайы мен Джизан провинциясындағы әскери ғимараттар нысанаға алынды. Рияд әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз: