Бразилиядағы торнадо 82 мың нысанды жарықсыз қалдырды
Бразилияның солтүстігіндегі Парана штатында алапат құйын соқты. Осыған байланысты Маринга қаласында төтенше жағдай енгізілген.
Екпіні сағатына 253 шақырымға дейін жеткен күшті жел тұрғын үйлер, кәсіпорындар, тіпті қалалық өрт сөндіру қызметі ғимаратының шатырын ұшырып кетті. 860-тан астам ағаш опырылған. Торнадо салдарынан 82 мыңнан астам үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Бұл - шаһардағы нысандардың 32 пайызы.
Сонымен қатар көптеген ауданда интернет пен телефон байланысы үзіліп, билік халықты құлақтандыру үшін дауыс күшейткіштері бар арнаулы көліктерді іске қосты.