Грекияда бүркітке 3D протез орнатылды

Грекияда бүркітке алғаш рет 3D принтер арқылы жасалған титан протезі орнатылды. Жараланған жабайы құс былтыр Китира аралынан табылған, деп хабарлайды 24KZ.

Ветеринар мамандар оның жараланған аяғын кесіп тастады. Протезді әзірлеген инженерлер бұған дейін иттер мен мысықтарға жасанды аяқ-қол жасап келген. Қазір бүркіт төрт айлық оңалту курсында тепе-теңдікті сақтауды үйреніп жатыр. Алайда құс табиғи ортаға орала алмайды. Себебі жабайы табиғатта өздігінен аң аулап, тіршілік ету қабілетінен айырылған. Мамандардың бақылауынан кейін бүркіт шетелдегі арнайы жануарлар бағына жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: