Халықаралық ғарыш станциясына күн панельдері орнатылады
Бұл жұмыстар шамамен 6 жарым сағатқа созылады деп жоспарланған.
Аталған миссияны NASA ғарышкерлері ашық ғарышқа шығып, жүзеге асырады. Жаңа құрылғылар орбиталық зертхананы қуатпен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуды, толық аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл қосымша қуат 2030 жылдың соңында ғарыш станциясының жұмысын тоқтатып, оны орбитадан шығарып, Жерге қауіпсіз құлату үшін де қажет. Қазір Халықаралық ғарыш станциясында 7 экипаж жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында NASA Канада ғарыш агенттігі және "Роскосмос" астронавттары бар.