Астанада алғаш рет халықаралық ауқымдағы атомдық диктант өтті

Ағартушылық жобаның ұйытқысы – Ресей. 28 тамыздан басталған акция тура бір айға жалғасады. Қазақстан ресми қатысушысы. Мақсат – оқушылардың базалық ғылыми сауаттылығын арттыру.

Заманауи технологиялар туралы түсінік қалыптастырып, нақты ғылымдарға қызығушылықтарын ояту жоспарланған. Диктанттың діттегені – атом технологияларын медицинада, өнеркәсіпте және энергетикада бейбіт мақсатта пайдалануды ұғындыру. Сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік пен АЭС құрылысына қатысты мәліметтер қамтылған.

Сеит Әлиев, Қазақстанның ядролық қоғамы жанындағы орталық директоры:

- Атомдық диктант. Бұл шара квиз түрінде өткізіліп жатыр. Өйткені атом өте күрделі сала. Ал оқушылардың танымы аздау. Бізге физиктер, химиктер қатты қажет. Технология тілін білетін, құрастыратын мамандар керек. Міне, осылайша біз тек атом туралы ақпараттандырып қоймай, олардың білім шамасын анықтаймыз. Мәселен, көпшілік елімізде 60 жылдан бері 3 ғылыми-зерттеу ядролық реакторы барын біле бермейді. Сол уақыттан бері аталған құрылғылар арқылы емделіп, диагностика жасап келеміз. Атом саласы ғалымдарының ізбасарларын қалыптастыру маңызды. Ол үшін жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік жасалуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз: