Германияда электрмобиль саудасы қызып тұр
Кейінгі жылы сауда көлемі 80 пайызға артқан. Федералдық автокөлік мекемесінің мәліметіне сүйенсек, елде бір айда тоқпен жүретін 90 мыңнан астам темір тұлпар тіркелген.
Сұраныстың артуына мамыр айында іске қосылған мемлекеттік субсидия себеп болды. Энергетикалық дағдарысқа байланысты жанармай бағасының қымбаттауы да әсер еткен. Алайда бұдан негізінен шетелдік өндірушілер пайда көріп отыр. Неміс нарығындағы қытайлық брендтердің үлесі 8 пайызға дейін өскен. Ал жергілікті автокомпаниялардың электрмобиль саласындағы ықпалы әлсіреп барады.