Қытайда неке қию көрсеткіші төмендеді
Қытайлықтар неке қиюға асықпайды.
Биыл алғашқы тоғыз айда елде 4 миллион 650 мың жұп некелерін ресми түрде тіркеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға аз. Ал ажырасқандар саны 2 миллионнан асқан. Мұндай деректерді Қытай Халық Республикасының Азаматтық істер министрлігі жариялады. Сарапшылар бұған алаңдаулы. Айтуларынша, некеге тұру көрсеткішінің төмендеуі елдегі туу деңгейінің азаюына әкеліп, демографиялық ахуал күрделене түсуі мүмкін. Айта кету керек, Қытай халқының саны төртінші жыл қатарынан қысқарып келеді. Былтыр туу көрсеткіші тарихи минимумға жеткен. Ал 65 жастан асқан тұрғындардың үлесі балалар санынан асып түсті.