Дубайда «Алға» спорттық драмасы көрсетілді

Дубайдағы қазақ кино апталығы аясында «Алға» спорттық драмасы көрсетілді. Көптеген халықаралық фестивальге қатысып, олжа салған туынды бұл жолы да көрерменнің жоғары бағасын алды. Көрсетілімге авторлар қатысты.

2022 жылы жарыққа шыққан фильм талмай еңбектеніп, темірдей төзімді болуға үндейді. Онсыз спортта жетістікке қол жеткізу мүмкін емес екенін айғақтайды. Қазақстанның Бас консулдығы мен жергілікті медиа кеңес бірлесіп өткізген апталық екі ел ынтымақтастығын тереңдетіп, мәдени байланыстарды байыта түсуге арналған. Осы орайда бастама сәтті іске асты деуге толық негіз бар. Өйткені қазақ киногерлеріне Әмірліктен әріптестік жөнінде ұсыныс түсе бастады.

Сондай-ақ оқыңыз: