Франция кибершабуыл үшін Иранды айыптады

Франция билігі Иранды супермаркеттерге жасалған кибершабуылдарға қатысы бар деп айыптады, деп хабарлайды 24KZ.

Француз прокуратурасының мәліметі бойынша бұл әрекеттердің артында Ислам революциясы сақшылар корпусымен байланысты «Шахед Кавех» тобы тұр. Бұған қатысты Тегеран әзірге түсініктеме берген жоқ. Оқиға 11-12 қазанда болды. Хакерлер Франциядағы жүздеген дүкеннің бағдарламалық жүйесін бұзып, тоңазытқыштардағы температураны 50 градусқа дейін көтерген. Соның салдарынан азық-түлік өнімдері бұзылып, бірнеше млн еуро келімінде шығын келген.

Сондай-ақ оқыңыз: