БАӘ-де Ресей – Украина келіссөзінің бірінші кезеңі өтті

Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінде АҚШ, Украина және Ресей арасында келіссөздің бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл – тараптардың тоғыз айдан кейінгі алғашқы кездесуі. Ертең екінші кезеңі өтуге тиіс. «Рейтердің» хабарлауынша, жабық форматтағы бүгінгі отырыста тараптар еуропалық қауіпсіздік кепілдіктері, жер аумағы мәселелері және соғысты тоқтатудың алғашқы қадамдары ретінде майдандағы жағдайды бәсеңдету және екі елдің бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасауын тоқтату мәселесі қаралды. Жалпы 2 күндік келіссөзде Ресей мен Украинаның соғыстан кейінгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тараптарға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері талқыланады. Басқосу АҚШ-тың арағайындығымен өтіп жатыр. Жиынға Еуропа елдерінің өкілдері де барған. Айта кетейік, Украина делегациясын Рустем Умеров, Ресей делегациясын Владимир Мединский бастап барған.

Сондай-ақ оқыңыз: