Қытай электр энергиясын әуеде өндіреді

Қытай ауадан ақша жасап жатыр.

Яғни электр энергиясын жерден емес, көктен алады. Мұнда алғаш рет ұшатын электр станциясы сынақтан өтті. Желден қуат алатын нысан 4 мың метр биіктікке дейінгі аралықта жұмыс істейді. Әуеде қалықтап жүріп, тоқ өндіреді. Электр энергиясы жерге арнаулы тростар арқылы жеткізіледі. Инновациялық жоба авторлары генератор орнатылған модульді көтеру үшін гелиймен үрленген платформаны пайдаланған. Осының арқасында шексіз энергия көзіне қол жеткізіп отыр. 

Цай Жун, Қытай Ғылым академиясы аэроғарыштық ақпарат институтының ғылыми қызметкері:

- Қала ішінде алғаш рет сынақтан өткізіп отырмыз. Халық тығыз орналасқан аймақтарда станцияны қауіпсіз басқаруға болатындығына көз жеткізгіміз келеді. Бұл аса маңызды. Өйткені электр энергияға жоғары сұраныс осы қала мен елді мекендерде. Сонымен қатар жүйенің күрделі электромагниттік жағдайда энергия өндіру мүмкіндігі мен өнімділігі тексерілді. Барлығы сәтті шықты.

Сондай-ақ оқыңыз: