Mercedes-Benz екі зауытын жабуы мүмкін
Mercedes-Benz Германиядағы зауыттарына инвестиция салуды уақытша тоқтатты. Компанияның директорлар кеңесі бұл шешімді жоғары еңбек шығындарына байланысты қабылдаған.
Өйткені Германиядағы кей зауыттарда бір сағаттық жұмыс құны Шығыс Еуропадағы кәсіпорындармен салыстырғанда бес есе қымбатқа түседі. Басшылық жұмыс уақытын ұзартуды талап етуде. Алайда жалақыны көтермейді. Бірақ кәсіподақ бұған қарсы. Егер тараптар келісімге келе алмаса, Mercedes-Benz Германиядағы екі зауытын жабуы мүмкін. Биыл үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша неміс өндірушісі шығарған жеңіл автокөліктердің әлемдік сатылымы 8% төмендеген.