Spacex дата-орталық салуға $70 млрд құяды
Spacex компаниясы жасанды интеллект саласына арналған екі дата-орталық салуға 70 миллиард доллар инвестиция құяды. Жоспар бойынша нысандар Техас штатындағы Starbase базасы мен Аризона штатында бой көтереді.
Жоба аясында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Техастағы кешенді электр энергиясымен Spacex қамтамасыз етеді. Ал қуаңшылық жиі болатын Аризонада жерасты суын пайдаланбау үшін арнайы салқындату жүйесі орнатылады.