Microsoft қызметі ақаудан жұмыс істемей қалды

Microsoft компаниясының желілерінде техникалық ақау шығып, кей қызметтері дұрыс жұмыс істемей қалды. Алғашында Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы пайдаланушылар қиындыққа тап болған.

Кейін компания өкілдері қызметтердің әлем бойынша 74 елде дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін екенін мәлімдеді. Даун детектор мониторингтік сервисінің мәліметіне сәйкес, Outlook электронды пошта қызметіне қатысты 130 мыңға жуық шағым түскен. Бұдан бөлек, басқа мессенджерлерде де ақау байқалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: