Манилада қауіпсіздік күшейді. No comment
Филиппин астанасында АСЕАН саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды 24KZ.
Манилада маңызды нысандардың маңында полиция мен әскери патруль саны көбейді. Кездесуде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің басшылары мен өзге де әлемдік көшбасшылар энергетикалық қауіпсіздікті, қоршаған ортаның ластануын және Мьянмадағы дағдарысты талқылайды. Таиланд пен Камбоджа арасындағы шиеленіс мәселесі де қаузалады.