Starship алғаш рет ұшу алаңына сәтті қонды
Starship зымыраны алғаш рет механикалық басқару құралдарының көмегімен ұшыру алаңына сәтті қонды, деп хабарлайды 24KZ.
Илон Масктың SpaceX компаниясы әзірлеген ғарыш кемесі 13-ші қарашада АҚШ-тың Бока-Чика қаласындағы Starbase ұшыру алаңынан ғарышқа жіберілді. Ол 275 шақырым биіктікте Жерді 15 рет айналып, орбитаға 26 жаңа Starlink жерсерігін орналастырды. SpaceX компаниясы алып зымыранды орбитаға алғаш рет 28-ші қыркүйекте ұшырды. Алайда ол кезде 33 қозғалтқыштың бірі істен шығып, зымыран Тынық мұхитының солтүстік бөлігіне қонған еді.