АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің құпия желісі істен шықты
АҚШ-та Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің құпия ақпарат алмасуға арналған ішкі желісі істен шықты. Бұл туралы CNN хабарлайды. Ақауды жою кезеңінде қызметкерлердің біраз бөлігі қашықтан жұмыс істеу кестесіне ауыстырылды. Қазір мамандар ақаудың зиян көлемін анықтап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
АҚШ Ұлттық барлау қызметі түсіндіргендей, оқыс оқиғаға бағдарламалық жасақтаманы жоспарлы түрде жаңарту себеп болған. Содан кейін серверлердің бір бөлігі қайта іске қосылмай, олардың синхрондалу жүйесі бұзылған. Ресми өкілдер бұл ақаудың тек техникалық сипатта екенін атап өтіп, кибершабуыл болуы мүмкін деген нұсқаны толығымен жоққа шығарды.