NVIDIA негізін қалаушысы қызметіне оралуға қарсы емес

Дженсен Хуанг NVIDIA компаниясының бас директоры қызметіне қайта оралуға қарсы емес. Бизнесмен директорлар кеңесі оң шешім шығарады деген үмітте. Хуангтың айтуынша, отставкаға кеткелі көптеген адам оның қайта оралуын сұраған. Олардың қатарында қарапайым қызметкерлерден бастап, инвесторлар мен серіктестерге дейін бар, деп хабарлайды 24KZ.


SpaceX басшысы Илон Маск, Epic Games төрағасы Тим Суини секілді кәсіпкерлер де өз қолдауларын білдірді. Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп та: «Хуанг ораламын десе, мен тек қуанамын», – деген. Алайда Уолл Стрит Джорнал газеті директорлер кеңесі бұл мәселені қарастырудан бас тартқанын хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, Дженсен Хуангтың қытайлық кәсіпкермен қарым-қатынасы белгілі болғаннан кейін өз еркімен қызметінен кеткен. Ал америкалық барлау қызметтері ол азаматша тыңшылықпен айналысты деп күдіктенуде.

Сондай-ақ оқыңыз: