БҰҰ: Газада 2 млн адам баспанаға мұқтаж

Газа секторында екі миллионға жуық адам баспанаға мұқтаж. Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді. Нөсер жауын салдарынан шатырлы лагерьлерді су басқан, деп хабарлайды 24KZ. 

Тек осы айдың басынан бері 40 мыңға жуық уақытша баспана бүлінді. Ал гуманитарлық көмектің тапшылығы жағдайды одан әрі қиындатты. Алдағы суық күндер мәселені ушықтыруы мүмкін. Сарапшылар халықаралық қауымдастықты гуманитарлық көмек көлемін арттыруға шақырды. Осы мақсатта 170 миллион доллар көлемінде қаржы бөлу қажеттігі айтылды. Қаражат шатырлар, брезент, көрпелер және құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсалмақ. 

Сондай-ақ оқыңыз: