Иран АҚШ әскери нысандарына соққыны үдетті

Иран Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққыны үдетті. Бүгін Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Кувейттегі Әли-әс-Салем әуе базасына шабуыл жасауға әрекеттенген. Бұл туралы Кувейт Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Іле-шала Бахрейнде де әуе дабылы қосылып, қала тұрғындарына қауіпсіз орындарға жасырыну туралы екі рет ескерту келген, деп хабарлайды 24KZ.

Екі аймақта да зардап шеккендер жоқ. Дрондар түгел қағып түсірілген. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ әскери-әуе күштері Ормуз бұғазындағы Кешм аралында орналасқан Ислам революциясы сақшылар корпусының нысанына шабуыл жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз: