Д. Трамп Иранға жаңа күшпен соққы беру мәселесін қарап жатыр

Дональд Трамп Иранға бағытталған соққыларды күшейту мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы New York Times басылымы жазды. Құрама Штаттар Ислам Республикасының аңысын аңдып, барлау жасаған, деп хабарлайды 24KZ.

Енді осал жерін тауып, зымыран мен дрондар қоймаларын жоймақ. Бұған қоса Израильдің Иранға қарсы 7 күндік әскери жоспары әзір тұр. Тель-Авив бұл қарулы операцияға Құрама Штаттар да қосылса деп отыр. Таяуда «Моссад» сыртқы барлау қызметінің директоры Роман Гофман Вашингтонға барып қайтты. Сондай-ақ ЦАХАЛ барлау басқармасының басшысы Шломи Биндер америкалық әріптесі екеуі осы мәселені талқылаған. «Әйтсе де Ақ үй басшысы түпкілікті шешім қабылдаған жоқ», – дейді өз дереккөздеріне сілтеме жасаған мақала авторы.

Сондай-ақ оқыңыз: