Қазақстандық боччашылар әлемдік аламанда жеңіске жетті

Қоржынымызда үш медаль. Оның біреуі – алтын. Бразилияның Сан-Паулу қаласында боччадан әлем кубогі өтті. Оған 26 елдің құрамалары қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Ел намысын қорғаған спортшылар арасынан Қуаныш Асқарбеков жақсы өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал қазақстандық Итиана Шыңғысханова жекелей сында күміс жеңіп алды. Бұған қоса, командалық сында да біздің спортшылар күміске қол созды. Бұл елімізде 2021 жылы негізі қаланып, содан бері жүйелі жұмыс жасап келе жатқан бочча мектебінің ауыз толтырып айтарлықтай жетістігі деуге болады. Ұлттық құрама алдындағы ендігі мақсат – халықаралық жарыстарда рейтингілік ұпайлар жинап, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алу.

Сондай-ақ оқыңыз: