Иракта электр станциясынан өрт шықты

Ирактағы электр станциясында өрт шығып, төрт адам опат болды, деп хабарлайды 24KZ.

Тағы 35-і зардап шекті. Оқиға Басра қаласының солтүстігіндегі «Әл-Хариса» жылу электр станциясында болды. Өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы алтылар шамасында тұтанған. Қызыл жалынды сөндіруге азаматтық қорғаныс қызметі мен қауіпсіздік күштері жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің денін күйік шалған, түтінге уланғандары да бар. Қазір барлығы ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: