Анталиядағы COP31 саммиті тағы бір күнге ұзартылды
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан COP31 саммиті тағы бір күнге ұзартылды. 102 елдің басшысы мен 300-ден астам министр жиналған маңызды жиында климаттық дағдарысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.
Жаһандық жылынуға қарсы күрес жөніндегі қорытынды келісім әлі мақұлданбады. Саммиттің қорытынды құжатында қазба отындарын тұтынуды азайту шаралары қамтылмаған. Тараптар көмір, мұнай және газды пайдалануды қысқарту мәселесінде бір шешімге келе алмай отыр. Парниктік газдарды ең көп шығаратын елдердің бірі – АҚШ конференцияға қатысқан жоқ.