Британияға көш күрт қысқарды
Ұлыбританияда көші-қон көрсеткіші кейінгі 30 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті. Елдің Ұлттық статистика қызметінің мәлімдеуінше, былтырдан бері бұл көрсеткіш 3 есеге жуық қысқарып, 200 мыңнан астам адамнан 77 мыңға дейін кеміген, деп хабарлайды 24KZ.
Мамандар мұны Еуроодаққа сырттан келетін мигранттар санының азаюымен байланыстырады. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, басты себеп – елдегі көші-қон ережелерінің қатаңдауы. 2024 жылдан бастап Британ үкіметі жұмыс және студенттік визаларды шектеп, оларды алу үшін ең төменгі жалақыға қойылатын талаптарды күшейткен. Сонымен қатар тұрақты тұруға ықтиярхат алу мерзімін 5 жылдан 10 жылға дейін ұлғайту жоспары бар. Ал экономистер көші-қонның тежелуі жұмыс күшінің тапшылығына, экономиканың баяулауына және салық түсімдерінің азаюына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.