Mercedes-Benz 30 мың қызметкерін қысқартады
Германияның Mercedes-Benz автоконцерні қызметкерлер санын қысқартуды қайта қолға алды. Бұған елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы мен Қытайдағы сатылымның төмендеуі себеп, деп хабарлайды 24KZ.
Компания өндірістік бөлімдерден бөлек, еңбек ететін 30 мыңнан астам маманға қызметтен өз еркімен кетуді ұсынды. Бағдарлама алдағы желтоқсанда басталып, келер жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады. Қысқартылатын мамандарға өтемақы төлеу қарастырылған. Оның көлемі әр қызметкердің жасы, еңбек өтілі мен лауазымына қарай белгіленеді. Бонустарды қосқанда, төлем 400 мың еуродан асуы мүмкін. Бұған дейін компаниядан 5,5 мыңға жуық маман өз еркімен кеткен.