Абайлаңыз, импорт! Мармелад таңдау

http://www.rslado.ru/

Тістерің бұзылады, ішің ауырады, терің бөртіп кетеді. Бала кезімізден дастархандағы тәттілерге қол соза бергенде, ата-анамыз осылайша ескертіп, кәмпиттерді көп жеуге рұқсат бермейтін. Алайда тәттілердің ішінде көп мөлшерде жей беруге болатын, зияннан гөрі пайдасы мол өнім де бар екенін ұмытпаған жөн. Бұл – мармелад.Оның көмегімен өкпе мен бауырды тазартуға, ағзадан улы токсиндерді шығаруға, қандағы холестеринді азайтуға, тіпті имунитетті күшейтуге болады. Мармеладтың түрлері мен оның қайсысын таңдаған дұрыс екендігі туралы осы хабардан біле аласыздар.