Нэнси Пелоси қайта спикер болып сайланды

Нэнси Пелоси қайта спикер болып сайланды
фото: bbc.com

АҚШ-та Конгресстің Өкілдер палатасын басқарған Нэнси Пелоси қайтадан спикер болып сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

80 жастағы саясаткер әйелді заң шығарушы органның 216 мүшесі қолдаса, оның қарсыласы республикалық партия өкілі Кевин Маккартиді 209 адам жақтаған. Осылайша, Нэнси Пелоси Конгресстің өкілдер палатасын төртінші рет қатарынан басқарайын деп отыр.

Айта кетейік, АҚШ-та өкілдер палатасының спикері көпшілік дауыспен сайланады. Ал демократиялық партия қарашаның 3-і күні өткен сайлау кезінде осы органдағы басымдығын сақтап қалған.