Өзбекстанда 12 адам алкогольден уланды

Өзбекстанда 12 адам алкогольден уланды

Өзбекстанның Наманган облысында он екі адам Қырғызстанның акциздік маркасы бар арақтан уланып қалды.

Салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады iz.ru Өзбекстанның Бас прокуратурасының ақпараттық қызметінің басшысы Хаёт Шамсутдиновке сілтеме жасап.

Ол өзінің Telegram каналында 29-31 желтоқсан аралығында азаматтар алкогольдік ішімдіктен улану бойынша ауруханаға түскенін жазды.

«Дәрігерлер көрсеткен медициналық көмекке қарамастан, олардың екеуі қайтыс болды», - деді Шамсутдинов.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.