Бразилияның адам аяғы сирек басатын жағажайы қоқысқа толды

Бразилияның адам аяғы сирек басатын жағажайы қоқысқа толды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы жағажайдың бірі қоқысқа толып, тұрғындардың алаңдаушылғын тудырып жатыр.

Әйгілі Копакабана жағажайына 20 шақырымдай жерде орналасқан тропикалық мекенді пластмасса құтылар мен қапшықтар жауып қалған. Мамандар бұған өткен сенбі күні жауыннан теңіз суы көтеріліп, қоқысты жағаға шығарып тастауы себеп дейді. Ал ресми дерекке сүейнсек, бұл оңтүстікамерикалық мемлекет жыл сайын теңізге 350 мың тоннадан астам қоқыс төгеді екен. Биыл жаңажылдық мерекеден кейін шаһардағы жағажайда тура осындай көлемде қоқыс жиналған.