421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ким Чен Ын мәлімдеме жасады

  • 165
  • UPD: 13:02, 06.01.2021

Солтүстік Корея экономикасы соңғы 5 жылда құлдырап, көптеген түйткіл пайда болған. Мұндай мәлімдемені осы елдің басшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының кезекті съездінде жасады.

Себебі оның айтуынша, осы уақыт аралығында мемлекеттің экономикалық жоспарлары жүзеге аспаған. Осыған байланысты Ким Чен Ын жіберілген қателіктерді терең зерттеп, қайталамауға шақырды. Және «ел экономикасын өз күшімізбен көтеруіміз керек» деді.

Айта кетейік, Солтүстік Кореяның алдыңғы 5 жылдыққа арналған экономикалық жоспары осы съезде бекітілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы