Норвегияда коронавирус вакцинасын қабылдаған екі адам көз жұмды

Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған екі адам көз жұмды. Марқұмдар қарттар үйінің тұрғындары.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оларға Pfizer мен BioN-Tech компаниялары өндірген препарат егілген.

Естеріңізге салайық, Норвегияда вакциналау науқаны желтоқсанның 27-сі басталған еді. Дәріні алдымен егде жастағы тұрғындар мен медицина қызметкерлері қабылдады.

Айта кетейік, жалпы пандемия басталғалы бұл елде 50 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне ілікті. Олардың 450-ге жуығы осы кеселден көз жұмды.

Сондай-ақ...