Бразилияда жаппай екпе егу науқаны қаңтарда басталады

Бразилияда жаппай екпе егу науқаны қаңтарда басталады

Бразилияда вакцинация науқаны осы айда басталады.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлады. Болжам бойынша 2021 жылы екпенің шамамен 354 млн дозасы егіледі. Жергілікті билік вакцина өндіретін бірнеше компаниямен келісімшартқа отырған. Мамандар «халыққа жаппай екпе егу шарасын шұғыл бастамаса, аймақтағы жағдай одан бетер ушығуы мүмкін», деп дабыл қағып отыр. Мәселен өңірде анықталған науқастардың саны күн өткен сайын артып барады. Аймақта коронавирус індеті кең етек жайып, бақылаудан шыға бастаған. Бүгінде Бразилия ковидке шалдыққан науқастар саны бойынша әлем елдері арасында алғашқы үштікте тұр.

Эдуардо Пасуэлло, Бразилия денсаулық сақтау министрі:

- COVID-19 індетіне қарсы екпе егу шарасын шұғыл қолға алу керек. Қазір елде шамамен 60 млн инелі шприц бар. Сондықтан барлық штаттар мен муниципалитеттерде вакцинация науқанын қаңтар айында бастай аламыз. Препарат елдің барлық өңірлеріне жеткізілетін болады.