COVID-19: Британияда өткен жылдың сәуірінен болмаған көрсеткіш тіркелді

COVID-19: Британияда өткен жылдың сәуірінен болмаған көрсеткіш тіркелді

Коронавирус жұқтыру деректерінің күрт көбейіп кетуі Ұлыбританиядағы ауруханаларға ауыр тиді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер күні-түні коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқастардың өмірі үшін күресіп жатыр. Ресми дерек бойынша, бір күн бұрын ғана корольдік аумағында 62 мыңнан астам тұрғыннан қауіпті инфекция табылыпты. 1 мыңнан астам адам көз жұмған. Бұл өткен жылдың сәуірінен бері болмаған көрсеткіш. Жағдайдың одан сайын күрделене түсуіне байланысты Англия мен Шотландия осы аптада жаңа шектеу шараларын енгізді. Оған сәйкес, тұрғындардың сыртқа шығуына болмайды.

Айта кетейік, Ұлыбритания Еуропа бойынша коронавирустан ең көп зардап шегіп отырған елдің бірі саналады.