Гавана туристер үшін ашық

Гавана туристер үшін ашық

Куба билігі туризм саласын жандандыру үшін Гавана мен елдің өзге де өңірлерін аша бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда келген қонақтардың қолында соңғы 72 сағаттың ішінде тапсырылған ПТР тесттің нәтижесі болу керек. Тестті Кубада да тапсыруға болады. Ондай жағдайда саяхатшы тесттің нәтиже шықпайынша карантинде отыруы мәжбүр. Жаңа тәртіп қаңтардың 10-ынан бастап күшіне енбек.

Айта кетейік, Кубада туризм саласы ел экономикасының басты табыс көздерінің бірі болып саналады. Өткен жылы пандемияның кесірінен бұл сала тұралап қалғандықтан, жергілікті экономика 11 процентке құлдырады.