Қытайда алғаш рет аязға төзімді жүрдек пойыз жасап шығарылды

Қытайда алғаш рет аязға төзімді жүрдек пойыз жасап шығарылды

Бейжіңде 40 градус аязда да 350 км/сағ жылдамдықпен жүруге қабілетті алғашқы жүрдек пойыз таныстырылды.

Пойыз Бейжіңді Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясының орталығы Харбинмен байланыстырады деп күтілуде.

Аязға төзімді пойызды құрастырушы – Қытайдың CRRC локомотивтік корпорациясының құрамына кіретін «Сыфан» компаниясы.

Компания өкілі Ся Сэньнің айтуынша, өте төмен температурада пойыздың басқару шкафында қоюландырылған су пайда болады, ол көліктердің қауіпсіз қатынауына ықпал етеді.

Ресми мәліметтерге сәйкес 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша «Фусин» пойыздары 836 млн км жол жүріп өтіп, 827 млн жолаушыны тасымалдады.