Ауғанстанда елді мекенге жасалған шабуылдан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты

Ауғанстанның Гильменд провинциясында белгісіз біреулер елді мекенге шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 5 тұрғын мерт болды. Тағы бесеуі жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында балалар мен әйелдер де бар. Олардың барлығы дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Әзірге жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Жергілікті билік қанды оқиғаға қатыстыларды анықтауға кірісті.

Джума Хан, жергілікті тұрғын:

– Шабуылдан отбасымның 5 мүшесі көз жұмды. Жараланғандар да бар. Осы жерде тұрып жатқаныма 10 жыл болды. Ең жақын жандарымнан айырылдым. Енді қалай өмір сүрем. Бұл оқиғаға жауаптылар көз алдымызда жазаға тартылсын. Мұндай жағдайдың бұдан былай қайталануына жол берілмеу керек.