Бельгияда 2020 жылы өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді

Бельгияда 2020 жылы өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді

Бельгия жан басына шаққанда коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша Еуропада алдыңғы қатарда тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

11 миллион 500 мың адам тұратын бұл елде коронавирустан көз жұмғандар қатары 20 мыңнан асады. Мұндай жоғары өлім-жітім тіпті 103 жыл бұрын болған испан тұмауы және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де тіркелмепті. Үкімет дерегі бойынша 666 мыңға жуық бельгиялық вирус жұқтырған. Соңғы аптада індетке шалдыққандар саны 27%-ке артты.

Ивес Ван Латем, COVID-19 дағдарыс орталығының өкілі:

- Коронавирус індетінің бірінші және екінші толқынын салыстырсақ, өлім-жітім саны 48%-ке артқанын байқамыз. 2020 жыл Бельгия тарихында адам қазасы ең көп болған жылға айналды.