Netflix апта сайын фильм шығармақ

Netflix стримингтік сервисі 2021 жылдың әр аптасында жаңа фильм шығармақ.

«Netflix әр апта сайын танымал жұлдыздардың қатысуымен жаңа фильмді назарларыңызға ұсынып отырады», – делінген компанияның сайтында.

Жаңа фильмдердің арасында Зак Снайдердің «Армия мертвецов», Паоло Соррентиноның «Рука божья», Адам Маккейдің «Не смотри вверх», Холли Берридің «В синяках», Сэм Левинсонның «Малкольм и Мари», Джейн Кэмпионның «Сила собаки» және тағы басқалар. Бұл туындыларда Леонардо ДиКаприо, Дуэйн Джонсон, Зендея, Идрис Эльба, Галь Гадот, Райан Рейнольдс, Мерил Стрип, Джейк Джилленхол секілді мықтылар ойнайды екен.

Netflix биыл 70 жаңа фильді көпшілік назарына ұсынбақ.

Бұған дейін компания басшылары 2020 жылы қанша табыс тапқаны туралы жазғанбыз.