Калифорнияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 30 мыңнан асты

Калифорнияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 30 мыңнан асты

АҚШ-та індет ең көп таралған штаттың бірі – Калифорнияда дерттен қайтыс болғандардың саны 30 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вирусты жұқтырғандар қарасы 3 миллионға жуықтады. Коронавирустан көз жұмған жандарды жерлейтін орындар азайып, марқұмдардың денесін уақытша мұздатқышы бар көліктерде сақтауға мәжбүр. Бірақ билік соңғы аптада вирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші біршама азайғанын айтады. Аймақта алдағы уақытта дәрігерлерді жаппай вакциналау күшейтілмек. Осы мақсатта бірқатар стадиондар мен көрмелер екпе орындарына айналдырылды.