Кабулда лаңкестердің шабуылынан екі сот қызметкері қаза тапты

Кабулда лаңкестердің шабуылынан екі сот қызметкері қаза тапты

Ауғанстанның Кабул қаласында лаңкестік әрекеттен екі әйел қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, содырлар автокөлікке шабуыл жасаған. Марқұмдар елдің жоғарғы сот қызметкерлері еді. Көлік жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Әзірге жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Жергілікті билік қанды оқиғаға қатыстыларды анықтауға кірісті.