Гондурастан АҚШ-қа бет алған мигранттар полициямен қақтығысты

Гондурастан АҚШ-қа бет алған мигранттар полициямен қақтығысты

 Гондурастан шыққан мыңнан астам мигрант Гватемала шекарасында тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңсыз кірмелер АҚШ аумағына өтпек болып сапарға шыққан. Жолда Гватемаланың полиция өкілдері карантин талаптарына сай мигранттардың төлқұжатын тексермек болғанда тараптар арасында қақтығыс басталды. Кірмелердің нөпірі күш көрсетіп алдындағы бөгеттен өтіп кеткен. Олар Джо Байденнің сайлауалды уәдесін орындауын талап етіп отыр. Жаңа сайланған АҚШ президенті «Трамптың шекарадағы қауіпсіздік пен көші-қон саясатын қайта қарап, түбегейлі өзгеріс енгіземін» деп сөз берген еді. Енді өзге елдің азаматтары АҚШ аумағына кіруге дәмелі көрінеді.