430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда шектеу шаралары күшейтілді

  • 181
  • UPD: 13:54, 19.01.2021
Қытайда шектеу шаралары күшейтілді фото: rbc.ru

Қытай билігі елде таралған коронавирус індетіне байланысты шектеу шараларын күшейте бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте қауіпті инфекцияны 109 адам жұқтырған. Науқастар елдің бірнеше провинциясында анықталған. Ең көбі Қытайдың Хубэй провинциясында шығып отыр. Қазір онда карантин жарияланды. Тұрғындар үшін өңірге кіріп-шығу шектелді. Ауру ошақтары Бейжіңде де табылған. Бұл жерде тіркелген науқастардың саны аз болса да темірдей тәртіп орнатылды. Кей өңірде такси қызметі тоқтатылды. Такси жүргізушілері мен азық-түлікті үйге әкеліп беру қызметінің мамандарына коронавирусқа қарсы екпе егіліп жатыр.

Айта кетейік, Қытайда індеттің таралуын тежеу үшін қолға алынатын шаралар бірізге қойылған. Жергілікті билік аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алып, тұрғындарды жаппай тестілеуден өткізе бастады.

Хабар 24 телеарнасы