Коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы басқаларға қарағанда 50% жұқпалы

Коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы басқаларға қарағанда 50% жұқпалы

Оңтүстік Африкада тараған коронавирустың жаңа штамы басқаларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы болып шықты.

Бұл туралы Reuters агенттігі Оңтүстік Африка Республикасының бас эпидемиологы Салим Абдулу Каримге сілтеме жасап хабарлады.

Вирустың жаңа нұсқасы – 501.V2 өткен жылдың соңында анықталған. Осыған байланысты елде аурудың екінші толқыны басталды, соның салдарынан тәулігіне 21 мыңнан астам адам вирусты жұқтырды. Бұл вирус басқа штамдарға қарағанда 50% жұқпалы болып шықты.

Бұған дейін табылған коронавирус штамдарына қарсы қалыптасқан антиденелердің 501.V2-ге қарсы тиімділігі төмен екендігі анықталды.

Бірақ зерттеушілер шығарылып жатқан вакциналар коронавирустың осы түріне қарсы тұруға көмектеседі деген үмітте.