Джо Байден АҚШ-тың 46-шы президенті ретінде қызметіне кірісті

Бүгін Вашингтон қаласында АҚШ-тың 46-шы президентін ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, демократ Джо Байден ел тарихындағы жасы ең егде президент атанды. Алғашқы күннен бастап Байденнің президент атануы өзгеше өтті және төрт жылдықтың басты саяси оқиғасы әлем журналистерінің назарында. Солардың арасында біздің Вашингтондағы тілшіміз Талғат Алманов та бар. Ол бізбен дәл қазір тікелей байланыста. Талғат, қайырлы күн!

Сонымен президентті ұлықтау рәсімі қалай өтті?

– Талғат, АҚШ-тың 46-шы президентінің халыққа арнаған алғашқы сөзі не туралы болды? Джо Байден қандай мәселеге басымдық берді? Ал Камала Харистың ұлықтауы туралы не айтасыз?

– АҚШ-тың 46-президенті Джо Байден және 49-вице президенті Камала Харисті ұлықтау рәсімі бірнеше ерекшелігімен есте қалды. Ең алдымен ол Дональд Трамптың жаңа президентті күтпей, арнайы тікұшақтың бортына отырып Ақ Үйден кетіп қалғандығы шығар. Дегенмен бұрынғы президенттің Байденге хат жазып кеткендігі жайлы  ақпарат расталды. Биылғы ұлықтау рәсіміне шақырту алған адамдардың саны ковид індетіне байланысты өте шектеулі болды. Атап айтқанда, шараға конгрессмендер, олардың отбасы мүшелері мен АҚШ-тың Барак Обама, Джордж Буш және Билл Клинтон сияқты бұрынғы президенттері қатысты.

– Талғат, АҚШ-тың 46-шы президентінің халыққа арнаған алғашқы сөздері жайлы қандай ақпарат бар?

– Джо Байден халық алдында ант қабылдағаннан кейін президент қызметіндегі алғашқы сөзін демократиялық құндылықтардан бастады. Өткен қиындықтарға қарамастан демократияның сақталып қалғандығын айтты. Сондай-ақ Байден халықты бірігуге, бірге жұмыс істеуге шақыра келе, ковид-19 індетінен қайтыс болған 400 мың адамды еске алды, сондай ақ ол халық арасында теңдікті орнату жайын тілге тиек етті. Сол сөздердің бірінен үзінді тыңдап көрейік. 

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Демократия – қасиетті ұғым, біз оны сақтай білдік.

Қадірлі отандастарым. Бұл – Америка Құрама Штаттарының күні. Бұл – демократияның күні. Жылдар бойы Америка көптеген қиындықты өткерді. Қазір де жағдай күрделі. Бірақ халқымыздың бірігуі арқылы біз барлығын жеңе аламыз. Сапалы білім беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып, денсаулық сақтау жүйесін жақсартып, нәсіларалық теңдікті де орната аламыз. Кез келген дағдарыстан шыға аламыз. Бізге тек бірігу қажет.

Президент ретінде алғаш рет сөз сөйлеген Байден кейін отбасы мүшелерімен 15 стриттің бойымен салтанатты түрде прзеиденттік картедждін қатысуымен Ақ Үйге қарай бет алды және дәл қазір Байденнің резиденцияға келіп алғашқы президенттік жарлыққа қол қойғаны бегілі болды. Құжатта ковид індетіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтіп, маска тағуды міндеттеу қарастырылған. Сондай-ақ ол тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем беру және Климат жөніндегі Париж келісіміне қайта оралу туралы құжаттарды бекітті. Бас аяғы Байден алғашқы жұмыс күнінде 17 бұйрыққа қол қойды. Сондай-ақ сарапшылар Байденді иммиграциялық мәселені алдыңғы орынға қоятынын айтуда.

– Талғат, ал Камала Харистың ұлықтауы жайлы не айтасыз?

– Вице президент ретінде ант қабылдаған Камала Харистің демократтар үшін орны жоғары. Себебі ең алдымен Камала Сенаттағы Майк Пенстің орнына барды. Осылайша, жоғары палатадағы басымдықты алды. Жалпы демократтар президенттік сайлауда да, Өкілдер Палатасында да, Сенатта да жеңіске жетіп басымдыққа ие болды.