Бағдадтағы жарылыстардан 28 адам қаза тапқан

Бағдадтағы жарылыстардан 28 адам қаза тапқан

Бағдад қаласының орталығында қатарынан екі жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ирак әскері өкілінің мәлімдеуінше, қауіпсіздік қызметі ізіне түскен екі содыр Таяран алаңында орналасқан базарда өзін өзі жарып жіберген. Әл-Арабия телеарнасының хабарламасына сай, бұл лаңкестік шабуылдан соңғы ақпарат бойынша 28 адам қаза тауып, тағы жетпістен астамы жараланды. Әзірге бұл жарылыс үшін ешбір ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Қазір ел әскері Бағдадтың жасыл аймағына баратын барлық жолды бөгеп тастады. Қала орталығындағы бұл аймақта мемлекеттік мекемелер мен елшіліктер орналасқан.